Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, америкалық көшбасшы дәрігердің оған осы індетке қарсы препаратты қабылдауға рұқсат еткенін айтты.

Мен гидроксихлорохинді қабылдап жүрмін. Бірнеше апта бұрын бастадым. Менің ойымша, ол жақсы көмектеседі, ол туралы оң пікірлер естігем. Егер дәрінің көмегі болмаса да, ол маған зиян келтірмейді. Мен оны шамамен бір жарым апта қабылдадым. Күн сайын бір таблеткадан қолданамын, − деп атап өтті Трамп.
Ол күн сайын COVID-19-ға тестілеу өтіп жатқанын және әлі күнге дейін талдаулар теріс нәтиже бергенін атап өтті.

Сондай-ақ, АҚШ президенті оған гидроксихлорохиннен бас тартуға мүмкіндік беретін басқа препаратты жедел әзірленетініне үміттенетінін жеткізді.

pavlodarnews.kz

Тэги: