Кадрлық өзгерістер Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин және ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккермен келісу арқылы Павлодар облыстық ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновтің бұйрығымен жүргізілді.

Ернұр Өтегенов жаңадан тағайындалған басшылардың адамдарды құтқару және жедел медициналық көмек көрсету саласындағы мол жұмыс тәжірибесін атап өтіп, алдағы қызметтеріне сәтілік тіледі.

Сергей Чернов 1976 жылы 2 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ал, 2010 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау жүйесінде 1996 жылдан бастап еңбек етеді. Еңбек жолын облыстық Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері болып бастаған. Бұл жұмыс орнында өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінен жедел бөлімнің бас маманы лауазымына дейінгі еңбек жолын өтті.

2008 жылдан 2013 жылға дейін облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы қызметін атқарды. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Марат Нұркімбаев 1961 жылы 15 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Семей облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастады. 1995 жылдан бастап Павлодар қаласында невропатолог-дәрігер болып жұмыс істеді. Апаттар медицинасы орталығы жүйесінде 2010 жылдан бастап еңбек етеді. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері болып жұмыс істеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: