Бір тест бағасы шамамен 11 500 теңгені құрайды. Ал КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен Павлодар облысына 215,5 миллион теңге бөлінді.

Павлодар облысы бойынша стационарларға 60,1 миллион теңге, ал емханаларға 155,4 миллион теңге консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді.

- Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады, - дейді филиал директоры Нұрлан Қасымов. - Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйыммен келісімшарттар жасалды. Павлодар облысында тестілеуді келісімшартқа отырған 27 АМСК медициналық ұйымдарда өтуге болады. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жіберді.

Қор филиалында азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды:

- COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
- ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
- КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
- стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
- тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
- шетелден келгендер;
- коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
және жүкті әйелдер.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізіледі:

- үй карантиніндегі адамдармен байланыста болған адамдарды;
- арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
- әскерге шақырылушыларға және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, операторы ӘМСҚ болып табылатын COVID-19 алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек орындар күндер бойынша емделген жағдайларды төлеуге – 14,7 миллиард теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс – шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемеақы төлеуге 35,8 миллиард теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) 5,4 миллиард теңге бөлінді. Павлодар облысына бұл қаражаттан 2,3 миллиард теңгеден астам бөлінді.

pavlodarnews.kz

Тэги: