Бұл жөнінде облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде белгілі болды.

- Аймақтағы құтырма ошағының алтауы да Баянауыл ауданында орналасқан. Бұл ошақтар адам өмірі үшін өте қауіпті. Жабайы аңдардан жұғудан басқа тағы қандай жолдары бар? Бәлкім, малды бақылаусыз бағудың әсері бар шығар. Неліктен жағдай бақылаусыз қалған, - деп облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қауіпті дерттің таралуының негізгі себебін сұрады.

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімовтің пікірінше, мұндай жағдайға екі фактор әсер етуі мүмкін.

- Құтырма ошақтарына қатысты эпедимиологиялық ахуалға сараптама жасалды, - дейді аудан әкімі. - Бірлік және Қызылтау ауылдық аймақтарында жабайы аңдардың үлкен популяциясы байқалады. Оның ішінде киіктер де бар. Миграция солтүстіктен – оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстік бағытқа қарай жүреді. Бұған қоса, биыл қар қалың түсті. Түрлі инфекциялық ауруларды тарату көзі болып табылатын түлкілер мен қарсақтар елді мекендерге жақындай түсті. Бұл аңдарды атуға «Охотзоопром» мекемесі рұқсат бергені дұрыс болар. Екіншіден, аудандағы 215 мың басына құтырмаға қарсы 7 мың вакцина берілді. Мал бағуды дұрыс ұйымдастырмаудың да әсері болуы мүмкін.

Бұл ретте облыс әкімі мұндай статистика ғылыми тұрғыдан негізделмеген болса, жай ғана болжам болып саналатынын айтып өтті.

-  Өткен жылдардағы жағдайды солай бағалауға болады, - деді аймақ басшысы. - Бұл жерде жағдайды терең зерттеп, ауру көзін анықтау керек. Себебі, адам өміріне қауіп төндірумен қатар, шығын әкеледі.

 Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Баянауыл, құтырма