Аудан әкімдігі хабарлағандай, аталған жұмыстар «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Құрылысты «Портал-ПВ» ЖШС мойнына алған.

- Одан бөлек, Ертіс ауылының жеке меншік компаниялары 10 үйдің құрылысын бастап кеткен, - дейді әкімдік өкілдері. – Жұмыс қарқынды жүргізілуде. Құрылысқа жұмыспен қамту орталығы арқылы 90 адам жұмылдырылды.

Аудан әкімдігінде ақпарат жеткізгендей, аталған нысандарды пайдалануға беру арқылы ауданға білікті мамандар тартуды жеңілдетіп, Ертіс тұрғындарын баспанамен қамту мәселесін біршама шешеді.

Айта кетейік, биыл Ертіс ауданында 5000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, құрылыс, баспана, Бизнестің жол картасы