Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының тұрғындары, 1966, 1967 жылы туған әйел адамдарда COVID-19-ға оң нәтижесі 2020 жылдың 1 мамырында және 29 сәуірінде анықталған. Екеуі де КВИ расталған жағдаймен байланыста болған.

- Павлодар қаласының тұрғыны, 1982 жылы туған әйел адамда COVID-19-ға оң нәтиже 2020 жылдың 2 мамырында анықталған. 1 мамырда үй жағдайында емхананың мобильді бригадасы қарап шығып, жедел медициналық көмек бригадасымен провизорлық ауруханаға жатқызылды. Зертханалық тексерістің оң нәтижесі анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырылды, - дейді басқармада.

Алынған екі тесттің теріс нәтижесі негізінде науқастар ауруханадан  шығарылды. Олар 14 күн бойы үй карантинінде медициналық бақылауда болады.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019