Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Қала шетінде қоқыс үшін рұқсат етілмеген орындар байқалуда. Құрылыс компаниялары сол жерге заңсыз қоқыс төгуде. Оған қоса қыстан соң қармен бірге құрылыс қоқыстары шығарылғаны анықталуда. Қазір қоқыс шығарудамыз. Кәсіпорындардан басқа, пәтерлерге жөндеу жүргізген қала тұрғындарының өздері қоқыс шығарды. Рұқсат етілмеген жерлер экологиялық жағдайды нашарлатады. Экологиялық полиция осындай заңсыз әрекеттер үшін тәртіп бұзушыларға айыппұл салады. Тазалық мәдениетін қалыптастыру қажет, – деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Қала әкімінің орынбасары елордада құрылыс қалдықтарына арналған полигон салу қажетін атап өтті. Әкімдік полигон жобасын әзірледі. Қазір орны анықталуда. Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов экологиялық полиция мен аудан әкімдеріне ескерту жасап, заңсыз қоқыс шығаруға жол бермеуді және құрылыс қалдықтарын шығару орнын анықтауды тапсырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: