Павлодар қаласы құрылыс бөлімінің маманы Арман Асылханов бұл мақсатқа бюджеттен 90 млн теңгеге жуық қаражат бөлінгенін айтады.

- Әзірге бес үйге мердігер бекітілді, - дейді Арман Асылханов. – Алдағы уақытта жаңа үйлерді көріктендіру бойынша тағы да конкурс жарияланады деген ойдамын. Бұл жұмыстарға тротуарлар, автомобиль жолдары, көлік тұрағы, шағын сәулет нысандары мен ойын алаңдары бойынша жұмыстар кіреді. Әлбетте, аулаларға ағаштар мен көгалдар, ешбір ұқсастығы жоқ шыршалар мен теректер, қарағаш, шетен, қарақат, бұта егіледі. Мұндай кейбір ағаштар бүгінгі күнге дейін бірде-бір аулада өспейді. Болашақта нәтижесін көреміз. Дәл қазір ашып айту қиын.

Оның айтуынша, шағын аудандағы жұмыстарды үш айдың ішінде аяқтау көзделіп отыр. Қыркүйек айына дейін бес үйдің аумағында көріктендіру жүргізіледі. Бүгінгі таңда жұмыс қызу басталып кеткен және алаңдар мен тротуар жолдарына ресми түрде рұқсат берілген.

40 адам асфальт төсеу, топырақ негізін, көгалдар мен көгалдандыруға құнарлы қабат төсеу, шағын сәулет нысандарын орнатуға жұмылдырылған, яғни жұмыс кезең-кезеңмен емес, кешенді түрде жүргізілуде. Жаңадан салынған үйлердің барлығының аулалары қамтылған.

- Жұмыспен қамту бөлімінен 35 адам жіберілді, - дейді Арман Асылханов. – Бес үйді көріктендіруге 50 адамды тарту ойда бар. Олардың барлығы - жұмыспен қамту орталығынан. Асфальт және шағын нысандарға кепілдік заңға сәйкес белгіленеді және мердігерлік ұйымдармен келісімшартта көрсетіледі. Келісімшартта көріктендіруге үш жыл мерзім көрсетілген. Бұл - мердігерлік ұйым атқаратын жұмыстың толық көлемі емес. Жасыл желектерді суару және күтумен қызмет көрсету ұйымы айналысады.

Арман Асылханов жұмысты мерзімінен бұрын бітіруге тырысатындарын айтады.

- Аулалардың тізімі биыл және өткен жылы салынған үйлер бойынша жасалады, - дейді ол. - Бұл үйлерде ендігі адамдар тұрып жатыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға барынша тырысамыз. Кез келген өтініш әкім аппаратының басшысы мен құзыретті органдарға бөлінеді. Егер де бұл өтініш құрылыс бөліміне түссе, біз бірден шара қолданамыз. Маңдайшаларды ілумен тұрғын үй инспекциясы мен қызмет көрсету ұйымы айналысады.


Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам