Бұл туралы Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

- Карантинге байланысты адамдардың оқшаулануы кезінде отбасылық тұрмыстық қатынастар қылмысы өсті, - дейді Жасқайрат Қайыров. - Шектеулі кеңістікте ұзақ уақыт болу психикаға теріс әсер етеді. Жеке сипаттағы мәселелер алкогольді ішімдіктерді ішу аясында шиеленісуде. Бұл жанжал, төбелес, жаралау және тағы да басқа қылмысқа әкеледі. Мысалы, сәуір айында 8 адам өлтіру қылмысы орын алды. Сондай-ақ 20-ға жуық ауыр дене жарақаты тіркелді. Егер бұрын мұндай қылмыстарды көбінесе полиция органдарында есепте тұрған азаматтар жасаса, сәуір айында мұндай қылмысты есепте тұрмағандар да жасады.  8 қылмыскердің 2-і ғана полиция органдарында есепте тұрған.

2020 жылғы 4 жарым ай ішінде 2700 қылмыстың 27-сі тұрмыстық қатынастар саласында жасалды. Павлодар қаласында 11 отбасында, Екібастұзда 9 отбасында және Ақсу қалаларында, Баянауыл және Павлодар аудандарында отбасылық жанжалдар тіркелген.

Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, іс жүзінде барлық отбасылық-тұрмыстық қылмыстар спирттік ішімдіктерді ішкен жағдайда орын алады. Мұндай құқық бұзушылықтар күрделі әлеуметтік мәселеге жатады.

- Карантин кезінде жұқтыру қаупіне қарамай, полиция қызметкерлері үйлерге барып тексеріс жүргізді, - дейді ПД бастығының бірінші орынбасары. - Бірақ көбінесе онлайн түрде тексердік. Бейне қоңырау арқылы жәбірленушілердің ұрып-соғу іздерінің бар-жоғын, отбасында ішімдік ішетінін және жәбірленушінің қандай күйде екеніне бақылау жүргізілді.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қылмыстар үшін 1300-ден астам өңір тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Олардың 412-сі қамауға алынды.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: