Orkin компаниясының өкілі Азамат Сәбитовтің айтуынша, су ішіндегі ларвицид шыбын-шіркей дернәсілінің асқазанына түсіп, сол жерден жәндіктің дамуына кедергі жасайды. Бүгінде жәндік дернәсілдерінің 80% 1-2 даму сатысында, яғни қазір – препарат қолданудың қызып тұрған кезі.

Бүгін барлығы шамамен 36 мың литр ларвицид өзенге құйылады.

Қазірдің өзінде қалалықтарды мазалап жүрген шыбын-шіркейге келсек, оның шыққан тегін «Флагман-ПВ» ЖШС директоры Тимур Омаров түсіндіруге тырысты.

- Бір апта бұрын Теплая өзенін өңдеп, сол уақытта дернәсілдердің 80% жойған болатынбыз, - дейді ол. – Алайда тірі қалған шыбын-шіркейлер ұшып шығып, қалаға жетіп қалған. Қазірде олардың елді мекендерге енуіне кедергі жасау үшін тосқауылдық өңдеу әдісі қолданылуда.

«Флагман-ПВ» ЖШС директоры атап өткендей, ертең Ертістің төменгі ағысы өңделе бастайды. Ол Ертіс, Железин, Ақтоғай және Тереңкөл аудандары тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жасалады.

Еске сала кетейік, быил қан сорушы жәндіктермен күреске облыстық бюджеттен 602 млн теңге бөлінген. Конкурс нәтижелері бойынша 442 млн теңгеге келісім-шарт жасалды. Келісімге сәйкес, қаражат дезинсекциялық жұмыстар қорытындылары бойынша ғана мердігерге беріледі.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: маса, шыбын-шіркей, энтомологиялық жағдай, Orkin