Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

- Статистикалық деректерге сүйенсек, биылғы жылдың төрт айы ішінде өңірде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 13 қылмыс тіркелді, - дейді Жасқайрат Қайыров. - Оның ішінде ұрлық - 6, тонау - 1, алаяқтық - 3. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға қатысты 54 қылмыс тіркелген. Оның ішінде жыныстық жуыспаушылық бойынша – 32 факті. Қылмыскердің психологиялық және физикалық артықшылығы қылмыстың негізгі себептері болады.

Спикер зардап шегушілер қылмыс фактілерін жасыратынын және өздерінің таныстары мен туыстарына қарсы шағымданғысы келмейтінін айтады.

- Яғни, психологиялық сауалнама арқылы біле алмаймыз, ата-аналар да хабарсыз қалады, - дейді  полковник. - Кәмелетке толмағандарға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыста мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасынан жұмыс топтары құрылған. Есептік кезеңде кәмелетке толмағандарды жіберіп алғаны үшін 736 ата-ана мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерліктің 28 нысаны, көбінесе кәмелетке толмағандарға алкоголь мен шылым сатқан 36 сауда нүктесі жауапқа тартылды.

Сондай-ақ департаменті бастығы орынбасарының сөзінше, кәмелетке толмаған қыздардың арасында жүктіліктің екі фактісі тіркелген.

- Мұндай жағдай көбінесе екі жақты келісім бойынша болады, - дейді Жасқайрат Қайыров. - Тергеу жалғасуда. Ата-аналар екінші жаққа шағымданбайды. Бұл фактілер денсаулық сақтау басқармасы тарапынан анықталды. Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылық өскені байқалады. Мәселен, 2016 жылы жасалған қылмыс биыл анықталды. Былтыр жасалғандары биыл аяқталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 31 пайызға өскен. Бұл - бір факті. Ақсу қаласында бір адам төрт кәмелетке толмағанға қатысты 25 қылмыс жасаған. Тергеу жүргізілуде.

 

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам