Тапсырыс беруші «ПавлодарЛифтРемонт» ЖШС директоры Михаил Редьконың айтуынша, біреуінің бағасы – 8 млн теңге.

Оператор - «Горкомхоз» ЖШС. Тұрғындар түбіртектер бойынша орташа есеппен сегіз жыл бойы айына 1200 теңге көлемінде төлейді. Бір подъезде 90 пәтерден орналасқан.



- Біздің ұйым осы үйге қызмет көрсететін болады, - дейді Михаил Редько. - Тұрғындар келісімін берді, ПИК-термен бірге жұмыс жүргіздік. Техникалық сипаттамасына келетін болсақ, Могилевский зауытында құрастырылған. Толығымен электронды. Шахтаға кіруден және шамадан артық жүктен сақтайды. Екінші подъездегі лифт мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жасалды. Себебі, екінші қабатта арбаға таңылған адам тұрады. Тұрғындардың сұрауы бойынша ойық 800 см жасалды. Бұл арбадағы адамға лифтіге еркін кіруге мүмкіндік береді. Ескі лифтпен қиындықтар болатын. Негізгі стандарт – 700 см.

Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындар екі апта лифтісіз жүрген. 25 жылдан артық жұмыс істеген ескі лифтілердің бүгінде бөлшектері табылмайды. Өндіруші Самарқанд зауыты да жұмысын тоқтатқан.

Бұған дейін былтыр Назарбаев даңғылы, 50 мекенжайы бойынша шағын және үлкен екі лифт орнатылған. Биыл тағы Назарбаев даңғылы, 81 мекенжайы бойынша бірінші және екінші подъезде төрт лифтті ауыстыру жоспарланып отыр. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттама дайын. Қаражаттың бөлінуін күтіп отыр. 12 қабатты тұрғын үйде 45 пәтерден шығады.

«Горкомхоз» тұрғын үйлердің жаңғырту ЖШС бас инженері Александр Дегтярев қаладағы лифт шаруашылығының 70 пайызы апаттық жағдайда тұрғанын айтады.

- Екі подъед үшін қайтарымды қаржы сомасы - 16 млн 433 мың теңге, - дейді Александр Дегтярев. - Мемлекетке бұл сома 19 млн 343 мың теңгеге шығады. Тұрғындарға арзан болу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама, техникалық бақылау және сараптама үшін үш млн теңгені әкімдік төлейді. Келісімшартта көрсетілген сома ауыспайды. Біз қайтарымды қаржыға жұмыс істейміз. Ең жоғары сома бір пәтер үшін 1200 теңгеден шығады. Инфляция мен бағаның өсуі бар. Тұрғындар күрделі жөндеу жұмыс деген кезде ескіні жөндеп, қайтадан әкеліп қояды деп ойлайды. Дегенмен, бұл мүлдем олай емес. Бұрын механикалық лифтілер болса, қазір электронды түрі әкелінген. Машина орналасқан жерде тежеу электр энергиясы есебінен реттеледі. Бұған қоса, дыбыссыз жұмыс істейді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам