Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының тұрғындары, 1968, 1970 жылы туған ер адамдарда COVID-19-ға оң нәтижесі 2020 жылдың 5 мамырында  анықталған. Екеуі де КВИ расталған жағдаймен байланыста болған.

- Павлодар қаласының тұрғыны, 1963 жылы туған әйел адамда  COVID-19-ға оң нәтижесі 2020 жылдың 24 сәуірінде анықталған. Жедел медициналық көмек бригадасымен провизорлық ауруханаға жатқызылды, зертханалық тексерістің оң нәтижесі анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Павлодар қаласының тұрғыны, 1967 жылы туған ер адамда  COVID-19-ға оң нәтижесі 2020 жылдың 1 мамырында анықталған. Жедел медициналық көмек бригадасымен провизорлық ауруханаға жатқызылды, зертханалық тексерістің оң нәтижесі анықталғаннан кейін инфекциялық ауруханаға ауыстырылды, - дейді басқармада. 

Алынған екі тесттің теріс нәтижесі негізінде науқастар ауруханадан жазылып шығарылды, олар 14 күн бойы үй карантинінде медициналық бақылауда болады.

Бүгінгі күні Павлодар облысында коронавирустық инфекциямен ауыратын 176 адамның 145 науқас коронавирустық инфекциядан жазылып шықты.

pavlodarnews.kz

Тэги: