Ол үшін баянауылдық табиғи тас қолданылады.

Әулиебұлақ бұлағы Торайғыр ауылында орналасқан және Баянауыл ауданының киелі объектілеріне жатады. Көптеген туристер мен жергілікті тұрғындар бірнеше бөтелке су алу үшін осында келеді.

Торайғыр ауылдық округінің әкімі Арғын Абраровтың айтуынша, қайта құру жұмыстарына екі миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

- Жұмыста табиғи тас қолданылады. Негізі – іргетас арқаланды. Бұл берік болуы үшін жасалады, - деді ауылдық округ әкімі. - Жұмысқа жергілікті тұрғындар, алты адам тартылды. Олардың жалақысы - 100 мың теңгеден. 

 

 Биылғы жылы бұлақтың айналасындағы аумақты абаттандыруға шешім қабылданды. Жобаны облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы дайындады.

Жұмысқа бір апта бұрын кіріскен. Қайта жаңартуды 15 маусымда - туристік маусымның басталуына дейін аяқтау жоспарлануда.

Айта кету керек, жергілікті және сырттан келгендер арасында кеңінен танылған бұлақтан бөлек, Торайғыр ауылында құрылыс жұмыстары бірнеше нысандарда жүріп жатыр. Дәл қазір ауылда су құбыры тартылып, жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған мектеп ғимараты жөнделуде.


Фото: Наталья Зинченко

pavlodarnews.kz

Тэги: торайгыр, родник, Баянаул

Похожие материалы: