Шаруашылық басшылары биыл суды субсидиялау бойынша жақсы қолдау болғанын айтады. 

Аймақ басшысынан келер жылы да суды субсидиялау бойынша көмек күтетіндерін атап өтті.

- Біз көп мөлшерде сәбіз егеміз, - дейді «Арман» ШҚ басшысы Ботагөз Ілиясова. - Сондай-ақ, картоп пен қызылша отырғызамыз. Биыл бірінші рет пияз егілді. Егер бәрі жақсы болса, біртіндеп пиязға көшеміз деп ойлаймын. Бірақ біздің техника ескі. Соның салдарынан су шығыны жоғары. Осы жылы басқа суару техникасын сатып алу жоспарда бар.

Облыс әкімі бүгінгі таңда азық-түлік, көкөніс дақылдары бірінші кезекте қажетті тауарлар екенін атап өтті.

- Олар әрдайым сұранысқа ие болады. Сондықтан жүйенің заманауи шешімдеріне көшу керек, - дейді Әбілқайыр Сқақов. – Бұл - кешенді жұмыс. Егер біз ескірген технологиялар мен техниканы пайдаланатын болсақ, онда су шығыны көп болады. Бұл жағдайда суды субсидиялау ШҚ ресурстары, су ресурстары мен бюджет қаражатын шығындайды. Бұл ақшаны суды пайдалануға байланысты шығыстарға жұмсағанша техниканы жаңартуға жұмсаған жөн. Сондықтан бұл мәселені қарастыру қажет.

Сондай-ақ, аймақ басшысы сыйымдылығы 2000 тонна заманауи көкөніс қоймасының жұмысымен танысты.

«Интер-Тек» ЖШС директоры Василий Логиннің айтуынша, жабдықтар жергілікті фирманың мобильді жабдықтары. Құрастырған - Ресей мемлекеті.

- Ресейден, елордадан жабдықтар бойынша ұсыныс көп түсті, - дейді Василий Логин. - Бірақ өз өңірімізден алу арзан болды. Сондықтан біз жергілікті компаниядан алдық. Мұнда бәрі автоматтандырылған және онлайн режимінде жұмыс істейді. Қойма тек сәбізге арнайы мамандандырылған. Алдағы уақытта кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Бір келіге сәбіз сақтаудың өзіндік құны 2 теңгені құрайды. Жарық төлемі орташа алғанда ай сайын ыстық ауа райында 1 миллион 200 мың теңге шығады.

Облыс әкімі 8 ай сақталған сәбіз өнім өте жақсы күйде екенін атап өтті.

Айгүл Жүсіпова

Фото. Валерий Бугаев, Дариға Абай

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам