Павлодар облысының әкімі сапарын Ертіс-Успен су арнасын аралаудан бастады

Бұл ирригациялық жоба кеңестік жылдары басталған, алайда соңына дейін жеткізілмеген. Мемлекет басшысының суармалы алқаптарды ұлғайту туралы тапсырмасынан кейін құрылыс қалпына келтіріле бастады. Қайта жаңартумен Қ.Сәтбпаев каналының өкілдері айналысады. 

 - Арнаның өнімділігі секундына 11 текше метрден асады, маусым ішінде - 40 миллион текше метрге дейін жетеді, - деп атап өтті кәсіпорын директорының кеңесшісі Леонид Баталов. - Биылғы жылы біз 8 шақырым су арнасын тапсыруды, ал 2021 жылы жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2022 жылы су беруді бастау жоспарда бар.

Павлодар ауданында су арнасын енгізу шамамен 10 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Оның 6 мыңы жер пайдаланушыларға бекітілген.

Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, фермерлерге қазірден бастап дайындалу керек, өйткені арна іске қосылғаннан кейін бүкіл суармалы алқап жұмысын бастайды.

 - Мұнда екі жақты қозғалыс қажет, арна жұмыс істей бастағанда аграршылар бұған дайын емес, - деп мәлімдеді әкім. - Барлық үдерістер қатар жүргізілуі тиіс: арнаны қайта құру жүріп жатқан кезде фермерлер суару техникасын сатып алып, орнатумен айналысуы тиіс.

Бірнеше жылдан бері Павлодар ауданында суарумен "Андас"шаруа қожалығы айналысады. Өткен жылы ауыл шаруашылығы алқаптарында 420 гектар суармалы егін егіліп, "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы лизингке 6 "Valley" суару машиналарын сатып алды. 2020 жылы тағы 600 гектар суармалы жерді енгізу жоспарланып отыр.

Картоп пен көкөніс дақылдарын өсіретін ауданның аграрийлері үшін өнімді сақтау мәселесі маңызды болып қалуда.

Қазір жергілікті фермерлерге алынатын өнімді келесі маусымға дейін сақтауға мүмкіндік беретін заманауи көкөніс сақтау қоймасын орнату ұсынылады. "ИнтерТек" ЖШС базасында 2 мың тонналық көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Тоңазыту жабдығының арқасында бұл жерде өткен жылғы сәбіз сақталады, ол осы жылдың ерте өнімінен кем түспейді.  "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 1,2 шақырымнан асатын екі көше жөнделіп жатыр. 

Өңір басшысы Луганск ауылында болды. Жергілікті мектепте терезелерді ауыстыру басталды. 50 жылға жуық өзгермеген ескі терезе жақтауларының орнына үш қабатты шыны әйнектер орнатылады.

Облыс әкімі ауылдағы барлық жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап, жергілікті тұрғындарды мониторингке тартуды тапсырды.

«Луганск» өндірістік кооперативінде Әбілқайыр Сқақовқа сүтті мал шаруашылығын дамыту жоспары туралы баяндалды. 2018 жылы ауыл құраушы кәсіпорында 312 бас малға арналған СТФ салынды. Дәл осындай кешен өткен жылы тұрғызыла бастады. Биыл жаңа сүт-тауар фермасының екінші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. 

«Жаңа қала» шаруа қожалығында да өз СТФ салады. Өткен жылы құны 1 миллиард теңге болатын жоба іске қосылды. Осы жазда 600 бас ірі қара малға нысанды тапсыру жоспарланып отыр. Жаңа қала ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл шаруашылығы кәсіпорны есебінен 50 орындық балабақша салынады. Жаңа оқу жылының басында мектепке дейінгі мекемені ашу жоспарлануда.

Өңір басшысы Новочерноярка ауылында қазандық пен жылу трассасының құрылысымен танысты. Осы жылы орталық жылумен қамтамасыз етуге 5 әлеуметтік нысан, 16 көпқабатты үй мен 73 жеке тұрғын үй қосылады. Бүгін тағы 100 жеке үйге жылу желілерін тарту үшін қосымша қаржы бөлу мәселесі тұр.

- Жергілікті билік жеке меншік үйлердің иелерімен алдын ала жұмыс жүргізу керек, - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. - Қазандыққа үйлердің ең көп саны қосылып, жылу беру маусымында орталық жылумен жабдықтауды тұтынушылардың тек 20% ғана емес, әлдеқайда көп бөлігі қолдануы тиіс. Сонда бұл жұмысты тиімді деп атауға болады.

Облыс әкімі Шақат ауылында салынып жатқан күркетауық етін өндіретін құс фабрикасын аралады. Жаңа кәсіпорында төрт құс қорасы мен мал сою цехы орнатылған. Мұнда алғашқы өнімді шығаруға тамыз айында кіріспек. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін жылына 8 мың тонна құс еті және 200 жаңа жұмыс орны ашылады.

- Күркетауықты Оңтүстік Қазақстанда өсіреді, ал республиканың солтүстік облыстарында, менің білуімше, мұндай кәсіпорындар жоқ, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Құс фабрикасын іске қосу жақын маңдағы Шақат, Красноармейка, Жетекші ауылдардағы жұмыспен қамтудың кейбір мәселелерін шешеді. Біз бұл жобаны қолдаймыз.

Аймақ басшысы Аққулы ауданында Қалатұз көлінің демалыс базасында болды. Бүгін таңда тұзды су қоймасының жағасында бірнеше кәсіпкер жұмыс істейді, олар туристік маусымның ашылуына дайындалуда. Егер өткен жылы мұнда 16 мыңға жуық қонақ қабылданса, осы жазда 20 мыңнан кем болмайды деп күтілуде. Облыс әкімі қазіргі таңда көлдегі инфрақұрылым жеткіліксіз екенін және бизнесмендерге туристер үшін жағдайды жақсарту қажеттігін атап өтті. 



-
 Бұл демалыс үшін жақсы орын, әсіресе қаладан алыс емес, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Демалу үшін ең төменгі жағдай жасалған сияқты, бірақ бұл жеткіліксіз. Егер инфрақұрылымды дамыту болмаса, туристік ағын ұлғаймайды. Дегенмен, 21 ғасыр, басқа стандарттар бойынша өмір сүріп, жұмыс істеу керек. Бүгінгі таңда көл жағасына баратын жол салу ұсынылып отыр, жоба бірнеше жүз миллион теңгені талап етеді. Бірақ бұл ақшаны туристер үшін жағдай жасауға салу жақсы емес пе? Мүмкін, адамдар ешқандай жағдайсыз көлдің жағасында болғанша, жолмен екі-үш минутта жеткені дұрыс шығар.

Аймақ басшысы Аққулы ауылында өткен жылы іске қосылған "Қазавтожол" АҚ есебінен салынған жол бойындағы кешенге барды. Объект беріледі жеке қолға берілуі жоспарланған, бірақ әлі күнге дейін оны жалға алмаған. Жеке меншік иегерлерді ай сайынғы жалға алу құны қорқытады – 4 миллион теңге.

 - Құны 1 миллиард теңге болатын жол бойындағы кешен бір жылдан бері тоқтап тұр. Бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, - деп атап өтті әкім. - Аймақ экономикасына жұмыс істеу үшін нысанды кәсіпкерлерге беру нұсқаларын іздеу керек.

Әбілқайыр Сқақов Лебяжі суландыру жүйесіндегі – су құбырының ұзындығы 37 километрге есептелген суару әдісі 7 мың гектарды құрайтын алқаптың жобасымен танысқаннан кейін күмәнді экономикалық тиімділік жайында мәлім етті.

Өңір басшысы жер суландыру құрылыстарының 1 километріне 1000 гектардан кем суармау керек екенін еске салды. Сонымен қатар, каналдың бойындағы жерлер бекітілген фермерлерде суаруды дамыту бойынша нақты бағдарлама жоқ. 

- Біз бұл жобаға 7 миллиард теңге бюджеттік инвестиция салуға және одан экономикалық нәтиже алмай отыра алмаймыз, - деп түйіндеді әкім. - Жобаны қайта қарау керек, бүгінгідей жағдайда оны қабылдауға болмайды.

Шарбақты ауылында Әбілқайыр Сқақов мал шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлермен кездесті. Өзінің бақша дақылдарымен танымал, "Қайрат" шаруа қожалығында қазір қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын жемдеумен және сұрыптаумен айналысады. "Ардақ" шаруа қожалығында ет бағытын дамытып, асыл тұқымды абердин-ангус тұқымдас ірі қара мал өсірілуде. Тағы бір кәсіпорында - "Алтай" шаруа қожалығында жылқы өсіріп, қымыз өндіреді. Аймақ басшысы фермерлермен мал шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын талқылады және жемдеу алаңдары мен сүт-тауар фермаларын салуға дайын адамдарға қолдау көрсетуге кепілдік берді.


Фото: Валерий Бугаев

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: