Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанатбек Тоқатов айтты. 

- Оның ішінде қоғамдық тамақтану нысандары - 20, сауда нысандары - 61, дәріханалар - 17, азық-түлік емес дүкендер - 25, ломбардтар - 5, шаштараздар - 27, бөбекжай/бақшалар - 23, шиномонтаж - 3, АЖС-3, автожуу - 3. Тексерілген 187 нысанның 129-ында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде санитарлық-дезинфекциялық тәртіптің бұзылуы анықталды, - дейді Қанатбек Тоқатов.

Басқарма басшысының айтуынша, 11-інде антисептиктер, 55-інде дезинфекциялау құралдары болмаған. 37 жағдайда келушілер арасында әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. 7 объектіде тамақ өнімдері (нан-тоқаш өнімдері) қаптамасыз сатылған. 13 нысанда дүкенінің кіре берісінде «Маскасыз кіруге болмайды» деген маңдайша болмаған.

Сонымен қатар, 95 объектіде маска тағу тәртібінің бұзылуы және жеке қорғаныс құралының жоқтығы, 3 қоғамдық тамақтану объектісінде үстелдердің арасы кем дегенде 2 метр қашықтық, 13 сауда объектіде маска тағу режимі сақталмаған.

- Халыққа бірреттік қолғапсыз қызмет көрсеткен, дезинфекциялық құралдар, антисептиктердің болмауы, сатып алушылар мен клиенттер арасында әлеуметтік қашықтықты сақтамауы анықталған. 3 қоғамдық тамақтану объектілерінде үстелдердің арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталмаған. Кәсіпкерлерге ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсынымдар берілді, - дейді Қанатбек Тоқатов.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, санитарлық талап