Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Мексиканың шығысындағы Велакрус штатында орналасқан Кордов қаласының Bio-Africa хайуанаттар бағында америкалық екі пума күшігі келді. 20 наурыз күні туған күшіктерге Пандемия және Карантин деген атау берілді. Олармен бірге бір торда Ковид атты жолбарыс күшігі де өсіп келеді, - деп жазды ru.euronews.com.

Ветеринар Китсия Родригес хайуанаттар паркінің қызметкерлері адамдарға ұжымдық жауапкершілік және басқа түскен ортақ қиындықтың алдында топтасу қажеттілігі туралы еске салғысы келетінін айтады. Китсия бұл күшіктері 2015 жылы Мексикада жануарлар шоуына тыйым салатын заң қабылдағаннан кейін цирктен алып кеткен екі пуманың күшіктері екенін айтты.

Bio-Africa иесі Гонсало Родригес күшіктердің еш қиындықсыз өмірге келуіне хайуанаттар паркіндегі ауаның ластануы мен жануарлардағы стресс деңгейін төмендеткен карантинге байланысты енгізілген шектеулер әсер еткенін айтады.
Біз Пандемия мен Карантин табиғатта өте сирек кездесетін "concolor cougar" тұқымдас шығыс пумаларының санын арттыруға көмектеседі деп үміттенеміз, - дейді Родригес.

Шығыс пумалары АҚШ-та жойылып кеткен аң түріне жатады. Олар Мэн, Мичиган, Иллинойс, Кентукки және Оңтүстік Каролина штаттарында мекендеген.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: