Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ішкі істер органдарындағы әкімшілік іс жүргізуді цифрландыру аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі» жобасы енгізілген, - деді баспасөз қызметінде. – Бұл жобаның мақсаты – хаттама жасаудан бастап айыппұл төлеуге дейін және шектеуді алып тастауға дейін әкімшілік процесті толығымен автоматтандыру. Жүйенің алгоритмі өте қарапайым, жол-патрульдік полиция инспекторы планшетті бірнеше рет басып, электрондық хаттама толтырады. Ол бірден екінші деңгейлі банктерде көрсетілген мәліметтермен республикалық дерекқорға түседі. Электрондық әкімшілік хаттамалардың артықшылығы – әзірлеу уақыты 1 сағаттан 5 минутқа дейін қысқарды.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, азамат айыппұлды төлеу туралы хабарламаны хаттама толтырылғаннан кейін бірден алады. Айыппұлды төлегеннен кейін азаматтарға түбіртекті мемлекеттік органға тапсырудың қажеті жоқ, ақпарат автоматты түрде дерекқорға түседі.

- Биыл жыл басынан бастап павлодарлық полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімін қолдана отырып, 220 миллион теңгеден астам айыппұл салынған 31 484 хаттама толтырды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 9000 құқық бұзушыға ескерту жасады, - деді департаментте.

Мәселен, өңірде көлік жүргізуге құқығы жоқ 46 жастағы «Toyota Camry» автокөлік жүргізушісі ұсталды. Ұсталған азамат ҚР ӘҚБК 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 55 600 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ «Toyota Camry» автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісіне қатысты жылдамдықты асырғаны үшін ҚР ӘҚБК 592-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және 12 625 теңге айыппұл салынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПД