Өңір басшысы Павлодар облысында коронавируспен ауыратындардың саны артып келе жатқанын атап өтті.

 - Өткен аптада облыста тағы 22 жағдай анықталды, - деп жазды Әбілқайыр Сқақов.- Алты жерлесіміздің жағдайы ауыр. Вирус адамның жасына қарамайды. Ауру науқастардың арасында бес айлық қыз бен 84 жастағы зейнеткер бар. Вирус адамның тұрғылықты жеріне де қарамайды. Егер бұрын облыс қалаларында коронавирус жұқпасы болған болса, бүгінде Баянауыл ауданының үш тұрғынында КВИ анықталды. Вирус адамның қызмет түріне қарамайды. Ауырғандар арасында медицина қызметкерлері, үй шаруасындағы әйелдер, саяжайшылар және тағы да басқалар бар.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Әбілқайыр Сқақов (@skakov_abylkair)26 Май 2020 в 9:26 PDT

 Облыс әкімі ешкім коронавирустық инфекциядан  сақтандырылмағанын, бірақ оның алдын алу біздің қолымызда екенін айтты.

 - Қауіпсіздік шараларын сақтау жеткілікті, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Өкінішке орай, біздің облыстың көптеген тұрғындары қоғамдық орындарда бетперде  тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Бұл жалпыға ортақ коронавирустың таралуына алып келеді. Дүкенде кезек күткенде немесе саябақта серуендегенде, өзіңізге және басқаларға қамқорлық жасап, маска тағу режимін сақтаңыздар және топ болып жиналмаңыздар. Кәсіпкерлерге салынған тыйымдар барлық сақтық шараларын  қадағалай отырып алынып тасталды. Жауапкершілік танытып, жаңа шектеулердің енгізілуіне жол бермейік. Әрқайсымыз тәртіпке бағынсақ, соғұрлым өмірдің бұрынғы ырғағына тезірек ораламыз.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Павлодар облысы әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі аймақтық комиссияның отырысы өтті.

Өңір басшысы сақтық шараларын түсіндіру бойынша мобильді топ құруды тапсырды. Бұл жұмысқа студенттерді, еріктілерді, қоғам белсенділері мен журналистерді тартуды ұсынды.

Осы кеште 100-ден астам ерікті павлодарлықтарға елімізде әлі күнге дейін карантинді сақтау керектігін, маска кию және әлеуметтік қашықтықты ұстану керек екенін еске салды.

Фото: Валерий Бугаев 

pavlodarnews.kz

Тэги: covid

Похожие материалы: