Ақпарат жəне қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а. Руслан Тілеулесов 2019 жылы атқарылған істерді қорытындылап, басқарманың биылғы жоспарлармен таныстырды.

-  Былтырғы Жастар жылы аясында бірқатар республикалық маңызға ие іс-шаралар атқарылды, - дейді Руслан Тілеулесов. - Мəселен, Қазақстан жастар конгресінің күндері, Жастар керуені жəне Stud Camp секілді республикалық шаралар өтті. Оған қоса, 1168 адам өз ісін ашуға арналған ақшалай грантқа ие болды.  ТЖ және карантин кезеңінде «Павлодар мейірімділер клубы», «Vita» іздеу отрядтары,  «Әлеуметтік волонтерлік орталық», «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамының Павлодар филиалы» және «14 легион іздеу гуманитарлық отряды» сияқты еріктілер ұйымдары қатысты.   Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 90  млн теңгені құрайды.

Биылғы Волонтерлар жылы да көптеген істер атқару жоспарлануда. Айталық, 2020 жылы 350-ге тарта іс-шара ұйымдастыру көзделуде.

- ТЖ кезеңінде облыс бойынша 4587 еріктінің көмегі тиді. 10 930 отбасына əлеуметтік көмек көрсетілді. Облыста мектеп және студент жастар арасында, сондай-ақ аға ұрпақ арасында волонтерлік белсенді дамуда. Қаланың әр оқу орнында 405 волонтерлік отряд құрылды, - дейді Руслан Тілеулесов.

Облыс əкімі биыл жастарды «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуына жұмылдырып, сол арқылы олардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасау керектігіне ерекше көңіл бөлді.

Айта кетейік, Павлодар облысында 14-29 жас аралығындағы 163 045 жас өмір сүреді. Бұл өңір халқының жалпы санының 21,5% құрайды. 2019 жылмен салыстырғанда жастар саны 500 адамға өсті.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім, жастар, еріктілер