Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы хабардар еткендей, мектептердегі техникалық қамсыздандыру білім беру - саласындағы өзекті мəселелердің бірі.

- Барлық мектептер кең жолақты интернетпен қамтылғанмен, 255 оқу орнында оның жылдамдығы 4-15 Мбит/сек, - дейді Дінислам Болатханұлы. - Интернет жылдамдығын кемінде 15-20 Мбит/секундқа дейін арттыруды көздеудеміз. Оған қоса 29 ауылда интернет желісі əлсіз немесе мүлдем жоқ.

Облыс əкімі Əбілқайыр Сқақов еліміздегі білім беру саласы əлемнің ең дамыған елдердегі қаржыландыру деңгейіне жетпесе де жұмысты барынша тиімді өткізу қажеттілігін атап өтті.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім