Бұл туралы  онлайн баспасөз мәслихатында  облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов мәлім етті.

-  Соңғы уақытта қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі - алаяқтық, - дейді ПД бастығы.  - Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, ақша табу үшін кез келген құралдар мен мүмкіндіктерді пайдаланады. Олар алдын ала  жұмыстар жүргізеді. Зейнеткерлік жастағы адамдарды бақылап,  көршілерден сұрастырады. Оларды алаңдататын мәселелерін анықтап алады. Сол мәселелерді шешу үшін зейнеткерлерге келеді.  Қариялар – тез сенгіш, сезімтал адамдар. Сондықтан тез алданып қалады.

Нұрлан Мәсімов егер сантехниктер немесе  оған ұқсас қызметтерді ұсынатын адамдар  шақырусыз келсе, ТКШ бөліміне хабарласып, мұндай жұмыстардың жоспарланғанын немесе жоқ екенін білу керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, алаяқ екенін сезген болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін «102» нөміріне хабарласқан жөн.

ПД бастығы облыс ұрғындарына  бөтен адамдарға сенбеуге және телефон арқылы сөйлеспеуге кеңес береді. Сондай-ақ аты-жөндері мен жеке құжаттары жөнінде мәлімет бермеген дұрыс. 

Айгүл Жүсіпова

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам