Дзюдо күресі бойынша «Батыр» БЖСМ ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде басталды.

- Ғимараттың толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді «Табыс-Стройсервис» ЖШС мердігер компаниясының бас инженері Ерғалым Нұрғазинов. - Қазіргі уақытта бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Ішкі әрлеу, яғни қабырғалар мен төбелер 100 пайыз жөнделеді. Сондай-ақ жылыту жүйесі мен желдету жүйесі жаңартылады. Кәріз бен су құбыры жүйесін өзгертетін боламыз. Ішкі және сыртқы есіктерді, сыртқы терезе блоктарын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ қасбеттерді қаптап, шатырдың су ағатын жүйесін ауыстырамыз. Бұл мақсатқа 162 миллион теңге бөлінді.

Бас инженер халықты жұмыспен қамту орталығынан қазір 17 адам жұмысқа жұмылдырылғанын және тағы 7 адам қажет екенін атап өтті.

- Жөндеу жұмыстарын 15 мамырда бастадық, - дейді Ерғалым Нұрғазинов. - Жұмыс мерзімі - 4 ай, яғни, 15 қыркүйек аяқтаймыз. Қазір барлығы уақытында жүріп жатыр. Ғимарат 1980 жылы салынған. Осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Айта кетерлігі, жұмыс сапасына мониторинг жүргізу үшін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен Nur Otan партиясының өкілдері тартылған.

Айгүл Жүсіпова

Фото: автор

 

pavlodarnews.kz

Тэги: