COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, COVID-19 1990 жылы туған әйел адам мен оның 2015 жылы туған қызында, сондай-ақ 1979 жылы туған ер адамда анықталды.

- Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін тұрғынында анықталды. Олар КВИ-дің бұған дейін анықталған жұқтыру жағдайларымен  байланыста болған. Пациенттер Екібастұз қаласы ауруханасының инфекциялық стационарына жатқызылды. Сол сияқты COVID-19 Павлодар қаласында 1956 жылы туған әйел адам мен 1962 жылы туған ер адамда анықталды. Пациенттер бас ауруы, дене қызуының көтерілуі және жөтелге шағымданып, медициналық көмекке өздігінен жүгінген, - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала фарингит, өкпе қабынуы және ЖРВИ диагнозы қойылды. Пациенттердің біреуінде вегетотамырлық дистония анықталды.

Барлық жағдайлар бойынша COVID-19-ға арнайы талдау оң нәтиже көрсетті.

Тұрғылықты және жұмыс орындары бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.

ҰСО филиалы мамандарымен ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні 28 мамырдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 197 факті тіркелген.

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019