Облыстық әкімдікте өткен кеңес барысында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов осы жайтқа ерекше көңіл аударып, шаһар басшылығын мән-жайды түсіндіруге шақырды. Нәтижесінде жастарға бөлінген бюджет былтырғы Жастар жылында жұмсалған қаражат түгілі, 2018 жылғы мөлшерден кем болып шықты.

Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің сөзіне қарағанда, үнемделген қаражат жастарды жұмыспен қамтуға бағытталады.

- Шынында да Павлодарда биыл жастар саясатын жүзеге асыруды қаржыландыру мөлшері қысқартылды, - дейді Қайрат Нүкенов. – Біздер үнемделген қаражатты экономиканың нақты секторына бағыттадық. Яғни флешмобтардың орнына ақшаны ТҮКШ бөліміне бөлу арқылы жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасауға тырыстық.

Айталық, 2019 жылы жастарға 32 млн теңге бөлінсе, биыл осы бағытқа небары 15 млн теңге көзделген. Босаған 17 млн теңге ТҮКШ бөліміне берілді. Соның нәтижесінде 2020 жылы табыс көзімен қамтылған жастардың саны былтырға қарағанда екі еселенбек.

Облыс әкімі қалада тұратын жастарды барынша жұмыспен қамтуды тапсырды.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: жастар саясаты, Әбілқайыр Сқақов, Қайрат Нүкенов, жұмыспен қамту