Бұл туралы Павлодар облысының статистика департаменті мәлім етті.

- 2019 жылы Павлодар облысында АХАТ органдарымен 11558 туғандар тіркелді, - деді департаментте. – Соның ішінде қалалық мекендерде – 8145 адам, ауылдық – 3413 адам. Туғандардың 52,1% (6020) – ер балалар, 47,9% (5538) – қыз балалар және 100 қыз балаға шаққанда 109 ер бала туды. 2009 жылмен салыстырғанда туғандар саны 8,3% (ер балалар – 8,6%, қыз балалар – 8%), қалалық мекендерде – 5,3%, ауылдық мекендерде – 14,6% азайды.

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2019 жылы 15,4 (2009ж. – 17,0) туғандарды құрады, қалалық мекендерде – 15,3 (2009ж. – 17,0), ауылдық мекендерде – 15,4 (2009ж. – 16,9) құрады.

Дүние есігін ашқан нәрестелердің ішінде қазақтар - 67,3%, орыстар - 21,5%, украиндар - 3,3%, немістер - 2,9%, татарлар - 1,6%, басқа ұлттар - 3,4%.

Облыстағы аудандардың арасында туудың ең жоғары деңгейі Ақтоғай ауданында (1000 тұрғынға шаққанда 18,2 туғандар) және Баянауыл ауданында (16,6) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Железин (11,2) және Успен (13,6) аудандарында көрініс тапты.

- Барлық ұрпақты бөлу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2019 жылы 2,19 құрады және 10 жыл ішінде 10,6% өсті, тиісінше қалалық мекендерде – 2,09 және 10%, аулдық мекендерде – 2,48 және 13,8%. 2019 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 29,4 жасты (2009 жылы – 27,3) құрады, қалалық мекендерде – 29,5 (2009 жылы – 27,4), ауылдық мекендерде – 29,1 (2009 жылы – 27,1), - деді департаментте.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: