Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп,найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түнде Атырау, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Алматы, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында аптап ыстық күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: