COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, пациент бұған дейін инфекция анықталған адаммен байланыста болған. 15 мамырда жүргізілген ПТР зерттеу нәтижесі КВИ бар екенін растады.

- Науқаста үш күн бойы әлсіздік, жөтелу байқалған. 30 мамырда кешке дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, жөтел қысқан соң әйел адам жедел медициналық көмек шақырған. Үш қалалық аурухананың пульмонологиялық бөліміне өкпенің қабынуы алдын ала диагнозымен госпитальға жатқызылды. Бірден COVID-19-ға сараптамаға талдау алынды. 31 мамырда талдау оң нәтиже берді, науқас ОБИА инфекциондық бөліміне ауыстырылды, - дейді комиссияда.

Тұрғылықты және жұмыс орындары бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.

ҰСО филиалы мамандарының күшімен үйде және жұмыс орнында қорытынды дезинфекция жүргізілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019