- Гүлзарларды бөлу 13 мың шаршы метрде жүргізілді, бұл 62 гүлзарды құрайды, - деді Қайрат Нүкенов. - Бұл алаң екі көлемге бөлініп, екі мердігер ұйымға бекітілген. «Ерекше таңдау» корпоративтік қоры 35 учаскеге қызмет көрсетеді. «Павлодар қаласының қазақ  кереңдер қоғамы» 27 учаскеде жұмыс істейді. Бүгінгі күні жұмыстар 90 пайызға орындалды, алайда 40 пайызға жуығын түрлі себептермен ауыстыру қажет. Бұл гүлдер жерсініп кетпеген, кейбіреуін аяқпен таптап кеткен, тіпті түнгі уақытта безендірілген көгалдарда қазылған жағдайлар бар.

Қала әкімінің айтуынша, биылғы жылы конкурстық рәсімдер жарияланған кезде жерді минирализациялау, қосымша жырту және топырақты әкелу бойынша жұмыстар қарастырылған.

2008 жылы орталық алаң жанындағы «Айналайын» саябағында 12 жыл бойы жөнделмеген лалагүл макеттері орнатылды.

- Биыл біз оларды тиісті түрге келтіріп, тамшылатып суару  әдісін қолдандық, - дейді Қайрат Нүкенов. - Бұл жасанды гүлдерді тірі гүлдерге ауыстыруға мүмкіндік берді. Көктемгі кезеңде 12000 ағаш кесілді, жұмыстар күзде жалғасатын болады. Қазіргі уақытта ағаштарды тиісті түрге келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстармен «Білімпаз» ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады.

Еске сала кетейік, биыл облыс орталығында 30 мың шаршы метрге гүл мен көгал отырғызылады. Мемлекеттік сатып алу байқауының қорытындысы бойынша екі жеңімпаз ұйым анықталды. Олар - «Ерекше таңдау» корпоративтік қоры және «Павлодар қаласы кереңдер қазақ қоғамы» оқу-өндірістік кәсіпорны. Сондай-ақ гүл отырғызуға бөлінген қаражат сомасы екі есеге артып, 100 млн теңге бөлінген.

Сәтбаев ескерткіші және «Астана» мұз сарайының жанында жаңа гүлдер отырғызылады. Бұл - француз раушандары. Раушан гүлдер біздің қала климатына және температурасына бейімделген. Мамандар гүлдер мен көгалдарды суару маусым бойы 60 рет жүргізілетінін айтады. Бірақ қажет болған жағдайда көбірек суарылады.

 Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам