Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында облыс орталығының әкімі Қайрат Нүкенов айтты.

- Оған мүліктік кешен бес жылға және сатып алу құқығынсыз беріледі, - деді Қайрат Нүкенов. - Келісімшарт бойынша қоқыс тастайтын жер қоршалып, бөлек жинау орнатылды, қаланы тазалайтын компаниялардан қатты тұрмыстық қалдықтарды кедергісіз қабылдау қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ережелер бұрынғы мердігермен жасалған шартта көрсетілмеген. Сонымен қатар, полигонда қалдықтардың көлемін дәл анықтау үшін 100 тонналық электронды таразы орнатылған. Олар екі айдан кейін жұмыс істейді.

Қала басшысының айтуынша, мұндай таразы қатты тұрмыстық қалдықтардың салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Полигонға түсетін қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін ақшаны аз төлеу үшін әдейі төмендететін кәсіпорындар мен ең жоғары көлемді көрсету арқылы төлемақыны жоғары қоятын қоқыс шығаратын компаниялар бар.

Бұдан бөлек, Қайрат Нүкенов былтырғы жылдан бері талқыға түскен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифіне қатысты пікірін білдірді.

- «Спецмашин» автобазасы барлық тиісті жұмыстар мен есептеулерді жүргізді, - деді қала әкімі. - Адам басы үшін 160 теңге. Бұл - ең төменгі тарифтердің бірі. Бұл қоғамдық көліктерде 80 теңгеден жүріп өткенмен бірдей. Осы мәселе былтырғы тамыз айынан бастап жыл басынан бері талқыланып келеді. Депутаттардың бірі келіссе, бірі қарсылық білдірді. Әлеуметтік әлсіз топқа жататын тұрғындар үшін 50 пайыздық жеңілдік ұсыну қарастырылуда. 160 теңгемен қаншама қоқыс шығарылатынын қарайтын болсақ, қазір полигонда машиналар мен қоқыс контейнерлерін жаңғырту жүргізілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында облыс орталығындағы қоқыс үш тәулік бойы шығарылмаған. Оған қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифінің төмендігі және тарату қорының болмауы себеп болған. «Спецмашин» ЖШС-не 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: