Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов айтты.

-   Оның  ішінде 64 пайызы Екібастұз қаласына, 34,1 пайызы Павлодар қаласына тиесілі, - дейді Біржан Досмаилов. – Сондай-ақ Ақсу қаласында бір адам және Баянауыл ауданында үш адамда анықталған. 150 адам жазылып шықты және үй карантинінде. Ең алғашқы жағдай 27 наурызда анықталған болатын.

Спикердің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 888 адам бақылауға алынған. Оның ішінде 347 адам стационарда жатқызылған: 159 адам  - карантиндік госпитальде, 60 адам - инфекциялық стационарда, 128 адам - провизорлық госпитальде.  541 адам үй карантинінде.

Өңірде коронавирус инфекциясына талдау алынған 41 385 адамның 41168-інде  індет табылмаған болса, 217-сінде  инфекция расталған.    

Үш науқас ауыр халде инфекциялық стационарда өкпені жасанды желдеткіш аппаратына қосылған. Екеуі Павлодар қаласының инфекциялық стационарында, біреуі Екібастұзда орналастырылған. 10 адамның жағдайы орташа деңгейде, қалғандары қанағаттанарлық деп бағалануда.

Науқастардың ішіне  ер адамдар саны - 103, әйел адамдар - 114, жас ерекшеліктеріне қарай 15,2  пайызы – балалар,  42 пайызы - 18 жастан 45 жасқа дейін, 34 пайызы – 46 жастан 65 жасқа дейінгі аралықта, 4,1 пайызы – 79 жасқа дейін және 4,6 пайызы – 80 жастан асқан.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019