Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Самат Асайынов  айтты.

- Кеше Ақтоғай ауданында құтқарушылар судан 26 жастағы әйел адамның  денесін алып шықты. Ол кешкі уақытта Ертіс өзенінің жағасына демалуға барған.  Достарының айтуынша, ол біраз уақыттан соң  жоғалып кеткен. Кеше құтқарушылар тобы жіберілді, - дейді департаментте.  

Сондай-ақ Аққулы ауданының Ямышево ауылындағы Пресуха өзенінің  жағасында бір топ адам демалуға барған. Кенет 1984 жылғы ер адам жоқ болып кеткен. Сүңгуірлер  тобы оның денесін екі метр қашықтықтан алып шықты.

Екі жағдайда да спирттік ішімдік  ішкен және оны полиция растаған.  Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 24 мамыр күні Ертіс ауданының Ертіс ауылында 1990 жылы туған азаматтың денесі табылған. Куәгерлердің мәліметтеріне сәйкес, ол да спирттік ішімдік тұтынған. Аталмыш фактілерге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетерлігі, көктем уақыты басталғаннан бері өңірде екі адам суда ажал құшқан.

 

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам