Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

- 2020 жылғы 31 мамырдан бастап бүгінге дейін 7 пациент COVID-19-дан емделіп шықты. Олардың ішінде 1967, 1942, 1940, 1969 жылдары туған 4 әйел мен 1966 жылғы ер адам Екібастұз қаласының тұрғындары. 1981, 1993 жылғы 2 ер адам Түркістан облысының тұрғындары. Екібастұз қаласындағы 1967, 1942, 1940, 1969 жылдары туған әйелдерде 15 мамырда КВИ анықталған. Олар коронавирус жағдайы анықталған адаммен байланыста болды. Ал, 1966 жылы туған ер адамның сараптамасы 15 мамырда оң нәтиже көрсеткен.

1981 және 1993 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындарынан 8 мамырда КВИ анықталған.

Басқарманың хабарлауынша, тест екі рет нәтиже көрсетудің негізінде пациенттер жазылып шыққан. Олар 14 күн бойы үй карантинінде медициналық бақылауда болады.

- 1967, 1942, 1940 жылдары туған әйелдер және 1966 жылы туған ер адам 1 маусымда жазылып шықты. 1969 жылы туған әйел 31 мамырда, Түркістан облысының тұрғындары 25 мамырда шықты, - деді басқармада.

Айта кетейік, бүгінде Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 217 адам тіркелген. 153 пациент коронавирустық инфекциясынан емделген.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk