Павлодар облысы туризм және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашевтың баспасөз-конференциясы өтті.

Ведомство басшысы клубқа қаржы құюдың команданың қазіргі жағдайын неге құтқара алмайтыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Instagram-да шенеунік түсіндірген видеоны «Мой Павлодар» атты паблик жариялады.

 

- Тіпті біз Павлодар облысының Құрметті азаматы Димитар Димитровпен келісетін болсақ және ол бізге барлық ақшаны кешірген жағдайдың өзінде жағдай өзгермейді, - дейді Марат Айдашев. - Егер де біздің легионерлеріміз бізге мұның бәрін кешіріп, кетіп қалған күннің өзінде салық бойынша түсетін миллиард теңгеден астам қаржы желге ұшады. Бұл - іс жүзінде мүмкін емес. Және олар салықты демеушілерден, барлығынан да жасырды. Салық берешегіне келетін болсақ, аудит нәтижелері бойынша тек 2019 жылы 940-950 млн теңге болды, оған қоса қазір 200 млн теңге қарыз бар. Қазір миллиардтан астам теңге, салықшылар есепшоттарды тұтқындап, клуб есебіне түсетін барлық қаржыны осы берешекті өтеу есебіне тастап кететінін айтқым келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы әкімдігінде жанкүйерлердің аймақ басшылығынан ERTIS футбол клубының айналасындағы жағдайды түсіндіруі туралы үндеуіне жауап берген болатын.

Кездесу орны ретінде «Жұлдыз» стадионы таңдалды. Облыс әкімі туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашевке жанкүйерлермен кездесуді тапсырды, бірақ стадион карантин режиміне байланысты мұндай кездесу өткізетін орын ретінде келмеді. Сондықтан кездесу орны ретінде ERTIS футбол клубының баспасөз орталығы ұсынылды. Алайда жанкүйерлердің өкілдері «Жұлдыз» стадионының жанында сағат 19.00-де облыс әкімі мен Марат Айдашевті күтетіні туралы хабарлады.

pavlodarnews.kz

Тэги: