Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас жылдар бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған.

- 2020 жылдың 26 мамырында емделушінің  үйінде дене қызуы 38*С көтеріліп, тамағының ауырғанына шағымданған. Бұдан кейін емхананың үйдегі мобильді бригадасының дәрігері науқасты қарап шықты. ЖРВИ диагнозын қойып, ем тағайындалған. COVID 19-ға анализ алынғанда теріс нәтиже көрсеткен. 28 мамырда әйел жедел жәрдем бригадасымен провизорлық госпитальдің пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізілді, - дейді басқармада.

Әйел адамның жағдайы ауырлап, жөтел мен жалпы әлсіздікке шағымданған. Дене қызуы 39,5 С дейін  көтерілген.

Бұдан кейін жағдайдың ауырлығын және тыныс алу жетіспеушілігін ескере отырып, қала тұрғыны қабылдау бөлмесінде қарқынды терапия палатасына жатқызылды, кейін ӨЖЖ аппаратына қосылды.
2020 жылдың 31 мамырында COVID-19-ға жақпа қайта алынғанда індеттің бар екенін көрсеткен.

2020 жылдың 1 маусымында сағат 15:50-де реаниматолог маманның қатысуымен және реанимобиль көлігімен жұқпалы ауруханаға ауыстырылды.

Инфекциялық стационарға түскен кезде жағдайы өте ауыр болған әрі ӨЖЖ-ға реанимациялық бөлімшеге жатқызылды.

- Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, қажетті мамандарға кеңес берілді. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілді. Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 1 маусымында 17 сағат 05 минутта пациенттің биологиялық өлімі анықталды. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - дейді басқармада.

Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес өлім жағдайы коронавирустық инфекция ретінде тіркелген.

pavlodarnews.kz

Тэги: Covid-2019