Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Сағынтаев Көк Жайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-министріне хат жолдады.

Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым, - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көк Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.

pavlodarnews.kz

Тэги: