Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше,  сондай-ақ Екібастұз қаласының 4 тұрғыны: 1943 жылы туған ер адам, 1966, 1980 жылы туған әйел және 2005 жылы туған жасөспірім бар.

- Павлодар қаласынан 2019 жылы туған балада 2020 жылғы 19 мамырда оң нәтиже анықталды.  Ол КВИ расталған жағдаймен байланыста болды.  2019 жылы туған қыз және 1990 жылы туған ер адам 3 маусымда шығарылды. Павлодар қаласынан 1990 жылы туған ер адамда 2020 жылғы 18 мамырда оң нәтиже расталды, - дейді басқармада.

Екібастұз қаласының тұрғыны - 1943 жылы туған ер адам 2020 жылдың 12 мамырында ауруханаға жатқызылып, 2 маусымда шығарылған. 13 мамырда талдау нәтижелері оң нәтиже көрсетті.

Екібастұз қаласының тұрғындары 2020 жылдың 15 мамырында ауруханаға жатқызылып, 3 мамырда шығарылған.

Екі теріс тесттің негізінде пациенттер жазылып, 14 күн ішінде медициналық бақылауда үй карантинінде болады.

Бүгінгі күні Павлодар облысында коронавирустық инфекциямен ауырған 217 пациенттің 159-ы коронавирустық инфекциядан сауыққан.

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk