- Бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді қолдану арқылы бұдан да артық емделушілерді емдеу жоспарланған болатын. Алайда, емханалар мен ауруханаларда шектеу енгізілуі қорытынды көрсеткішке әсер етті. Жалпы, 2020 жылға аталған медициналық көмек көрсетуге Павлодар облысы бойынша 1 миллиард 297 миллион теңге бөлінді. 2019 жылы барлығы 569,1 млн теңге бөлінді, яғни 2,3 есеге өсті, - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Нұрлан Қасымов.

Егер өткен жылы жоғары технологиялық медициналық қызметті халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарын, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын болса, 2020 жылдан бастап ЖТМҚ барлық сақтандырылған азаматтар үшін жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде тегін болып отыр.

Бұл ретте, осы қызметтерді қаржыландыру көлемі 2020 жылдың 4 айында 11,08 % - ға ұлғайды және біздің облыс бойынша 290,7 млн теңгені құрады.

Жалпы, ЖТМҚ қаржыландыру көлемін ұлғайту оларды алу үшін күту мерзімін азайтуға және жаңа қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік береді. Бұл шаралардың іске асырылуы халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Айта кетейік, көрсетілген қызметтер тізіміне 80-ге жуық бірегей технологиялар кіреді, оларды орындау кезінде заманауи жетілдірілген әдістемелер қолданылады. ЖТМҚ көрсету үшін жоғары дайындық деңгейі бар мамандар қажет.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін азаматтарға 2020 жылғы 30 маусымға дейін сақтандырылушылық мәртебесін анықтау қажет екенін еске салғым келеді.

Мәртебені анықтау мәселелері бойынша 87182704123, 704124 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам