Жоғары оқу орны баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, университет аумағында шағын өндіріс алаңы пайда болды. Осы тектес орын ешқайда кездеспейді.

Шағын катерді су қоймаларын қоқыстан тазартуға да қолдануға болады. Оның ерекшелігі – өзіндік құнының арзандығы, жоғары тиімділік пен қарапайымдылығында.

Шағын катер суда серуендеуге мүмкіндік беретін такси қызметін атқара алады.

- Бүгінде балықаулаушылар тарапынан шағын су көліктеріне, ал туристер тарапынан Ертістің бойымен және ерекше қорғаудағы су қоймаларында серуендеуге арналған таксиге сұраныс жоғары, –дейді Асылхан Маздубай.

Шағын катер жұмысында баламалы энергия көздері мен гибридті қозғалтқыш пайдаланылады.

Электр катамаран 20 адамға шақталған және ағынға қарсы сағатына 15 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүзе алады.

Фото:  Toraighyrov University баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім