«Атамекен» өңірлік палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Анель Жампейісованың айтуынша, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін қызметтерді https://services.atameken.kz/ порталы арқылы онлайн, сондай-ақ Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 үйде орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бару арқылы да алуға болады. Телефон: 8-7182-654415.

- Орталықтың менеджер-кеңесшілері бизнес идеялардың пайда болу кезеңінен бастап түпкі нәтижесіне дейін бизнес жобаларға жан-жақты көмек көрсетуге және қолдауға дайын. Біздің қызметтер жұмыс жасап отырған кәсіпкерлер үшін де пайдалы. Мысалы, қоластында есепшіні, заңгерді немесе мемлекеттік сатып алулар бойынша маманды ұстауға бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдайда кәсіпкер әрдайым орталықпен байланыса алады. Мұнда барлық қызметтер тегін көрсетіледі, - дейді Анель Жампейісова.

Айта кету керек, облыстың аудандары мен моноқалаларындағы жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер барлық қажетті қызметтерді жергілікті кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында ала алады.

Кәсіпкерлік жолына алғаш қадам басқан адамдар «Бизнес мектебінде» тегін білім алуына мүмкіндік бар немесе «Бастау» жобасының қатысушысы бола алады. Карантиндік шараларды ескере отырып, оқыту онлайн режимінде Atameken Academy платформасы арқылы жүзеге асырылады. Толық ақпарат алу үшін 8-7182-660311, 5511, 5560, 5554 ішкі телефондары арқылы облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.

Сервистік қызметтерді пайдаланғандардың ішінде Баянауыл ауданынан «AKAD-agro» ЖК бар. Бұл кәсіпкерге бизнес жоспар жасауға көмек көрсетілді.

- Кәсіпкер БЖК-2025 бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысты. Бизнес идеяны сәтті қорғаған ол қаздың ысталған етін өндіруге грант ұтып алды. Бұл жеке кәсіпкердің мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысудағы алғашқы тәжірибесі емес. 2019 жылы ол құс өсірудің бизнес жоспарын әзірлеп, жеңілдетілген несие алды, - деді Анель Жампейісова

2020 жылдың басынан мамыр айына дейін 273 кәсіпкерге көмек көрсетілді. 257 кәсіпкер сервистік қолдау алды. 11 мамырдан бастап олар онлайн режимінде де, офлайн режимінде де кәсіпкерлермен жұмысты толығымен қайта бастады. Жалғыз шарт: маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау.

pavlodarnews.kz

Тэги: