Бұл туралы  Jakarta Globe басылымы елдің қарулы күштеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13.40 Кендал қаласындағы өнеркәсіп кешенінің маңында болған. Армия өкілі Нефра Фирдаус (Nefra Firdaus) хабарлағандай, тікұшақ бір тәуліктегі екінші әскери жаттығуын орындау үшін ұшқан. Бірінші жаттығу ойдағыдай өткен. Оның айтуынша, оқыс оқиға оқу-жаттығу барысында орын алған. Тікұшақ құлап бара жатқан сәтте өртене бастаған да артынша жарылған. Ұшу алдында жүргізілген тексеру оның жарамды жағдайда болғандығын көрсеткен. Әскери өкіл болған жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін тексеру жүргізілетіндігін атап өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: