Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 19 мамырда баянауылдық әйел адам мен 20 мамырда ер адамда оң нәтиже анықталған. Олар КВИ расталған жағдаймен байланыста болған.

Екібастұз қаласының әйелдерінде оң нәтижелер: 14 мамыр – 1962 жылы туған, 19 мамырда – 1960, 1969, 1996 жылы туған, 20 мамырда – 1952, 1967, 1980 жылы туған және 24 мамыр – 1972 жылы туған тұрғында тіркелді.

- Екібастұз қаласынан келген 4 әйел бұрын КВИ-ның расталған жағдайлармен жақын байланыста болған. Барлық пациенттер 2020 жылғы 6 маусымда шығарылған. Бақылау тесттерінің негізінде пациенттер жазылып, 14 күн ішінде медициналық бақылауда үй карантинінде болады, - дейді басқармада.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 242 коронавирустық инфекциямен ауырған пациенттердің 170-і аталмыш дерттен сауыққан.

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: