Қазақстаннан көлікті жүкке жасыру арқылы заңсыз шығармақшы болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 маусымда болған. Шекарашылар жүкке жасырылған автокөлік құралдарын Қырғызстанға заңсыз өткізгісі келгендерді ұстады.

"Айша бибі" өткізу пунктінде ағаш материалдары бар жүк автомашинасы тексерілді, онда жүктің арасында ілеспе құжаттары жоқ екі "Дэу" және "Хюндай" маркалы жеңіл автомашина жасырылған", - делінген хабарламада.

Ұсталған автомобильдер Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. Өткізу пунктінде осыған ұқсас жағдай екінші рет қайталанып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: