Қыс қарсаңындағы аталмыш акция жайында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жариялады.

Усолкадағы су құтқару станциясынан бастап «Қаз қонақ» ескірткішіне дейінгі аумақта алты учаскеге бөліп, әрқайсысына жауапты адам бекітілді.

Жаңбырлы ауа райына қарамастан 500-ге жуық адам жиналды. Оның ішінде «Жасыл ел» жасақтары мен шенеуніктер, экологтар, прокурорлар мен ТЖ қызметінің өкілдері болды.

 - Көктемде қар еріген кезде жағадағы бүкіл қоқыс суға түседі, сондықтан қар түскенге дейін жағаны тазалауда жөн көрдік, - дейді жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Қабылтаева. – Еріктілер пластик, металл және шыныны жеке жинады. Барлық қоқыс қатты тұрмыстық қалдықты өңдейтін кәсіпорындарға тапсырылды.

«Қаз қонақ» аумағының өзінде бір жарым сағаттың ішінде сенбілікке қатысушылар кем дегенде 30 қап қоқыс жинады.

pavlodarnews.kz