Бектұров көшесі, 115 мекенжайы бойынша орталық балалар кітапханасы орналасқан ғимаратта жаңа жұмыспен қамту кеңсесі пайда болды. Бұл нысанның ашылуымен қала тұрғындарын «ҚР Еңбек ресруастарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықов құттықтады.

- Тұрғындармен атаулы жұмыс жасауға көшу халыққа электронды еңбек биржасына, халыққа қызмет көрсету орталығына, ауылдық аймақтардың әкімдеріне жүгінуге мүкіндік береді, - дейді Дәлет Арғындықов. – Жұмыс берушілерге ерекше назар аударылады. Жұмыс орнына  іздеушіні өздігінен жұмыспен қамту орталықтарында және enbek.kz сайтынан табуға болады. Ол үшін жұмыс берушінің «Жеке кабинетіне» бос орын туралы мәлімет, талаптар мен біліктілігі және еңбекақы туралы мәлімет қалдырса жеткілікті.

Жұмыспен қамту орталығының оқыту, кәсіби бейімдеу, еңбекпен қамту сияқты жеке қызметтері бизнеске беріледі. Бұл мақсатта 1,5 млрд теңге бөлінген. Жеке меншік агенттіктері үшін қызмет электронды еңбек биржасында да қарастырылған. Ол жерде 19 жеке меншік агенттік өздерінің бос жұмыс орындары туралы мәліметті орналастырады, ал жақын арада интернет-алаңдарда бос орындар мен түйіндемелер пайда болады.

- Осылайша, enbek.kz сайтына түйіндемелер мен бос орындар туралы бүкіл ақпарат топтастырылады. Нәтижесінде еңбек нарығының инфрақұрылымы кеңейтіле түседі, - дейді Дәлет Арғындықов. – Келесі жылы жұмыспен қамту орталықтарының коммерциялық қызмет қағидасына көшуіне байланысты оларға нақты жұмыспен қамту фактісі бойынша төлемақы жасалады.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Қашкенованың айтуынша, компьютер арқылы бос жұмыс орнын таңдап алуға болады. Жаңа орталықта тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау үшін электронды кезек, жұмыс берушілердің қолдау залы, жұмыс істеуге және оқуға ниет білдіргендер үшін ізденушілер залы қарастырылған.

 Тәулігіне 300-ге жуық адамды қабылдайтын тіркеу орнына немесе 15 терезеге жүгінуге болады. Мұнда барлығы техникалық қызметкерлерді есепке алғанда 32 адам жұмыс істейді. 

Орталықтың ашылуына қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов билік тарапынан жаңа орталықтың жұмысының тиімділігін бақылауға алынатынын атап өтті. Аймақ басшысы Ертіс ауданындағы жұмыспен қамту орталығын мысал ретінде келтірді. 12 адам жұмыс істейтін орталыққа күніне үш ауыл тұрғыны ғана келеді.



 - Бәлкім, бұл аудан орталығының орнына осындай тағы бір орталықты Павлодарда, Усолка шағын ауданында ашу керек шығар, - деп ұсыныс тастады Болат Бақауов. – Мына ғимарат өте қолайлы. Ең бастысы, нәтиже болу керек.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша 1 желтоқсан күні жаңа кеңсе жұмысының тиімділігі анықталады. Бұдан басқа, облыс әкімі әртүрлі жұмыс атқаратын адамдар өздерінің қызметін ұсынатын «еңбек нарығын» табуды тапсырды.

 - Бұл жұмысқа сұраныс жоғары және оны олар біздің көмегімізге жүгінбей тауып алады, – деді Болат Бақауов. – Қараусыз қалған Гагарин саябағын жөндегеннен кейін оларды сол жерден шығарып тастадық. Бұл адамдарды еңбекпен қамту қажет. Бірақ олар қазір қайда? Оларға шағын алаң жасап берейік. Жинала берсін. Жұмысқа орналасуға көмектесейік.

Жаңа орталықтағы пандустың қаншалықты ыңғайлы екенін облыстық мүмкіндігі шектеулілер қоғамының төрағасы Георгий Четвериков тексеріп шықты.

Айта кетейк, жуық арада кіреберісте сыртқы жарнама үшін лайтбокс орнатылады. Ал, жаз маусымында балалар алаңы жұмыс істейді.


Томирис Бекжан
Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: центр занятости, Павлодар, Бакауов, общество