Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

"Халықаралық терроризм кеңінен жайылып кетті, ендігіде оның шекарасы жоқ. Бүгінде әлемнің кез келген ел шабуыл аймағына айналуы мүмкін. Үшінші мыңжылдықтың басталуымен лаңкестік мөлшері және соның салдарынан құрбан болғандар саны он есеге артты", - деді Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы үшінші Астаналық клубтың отырысында.

2016 жылы 104 елде лаңкестік әрекеттер болды. Бұл дегеніміз әлемнің тең жартысы. Яғни, географиялық және масштабтық тұрғыда біз үшінші дүниежүзілік соғысындамыз. Соның ішінде дамушы және дамыға елдерде де лаңкестіктер болып жатыр", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаһандық әсіреисламшыл ағымдардың таралуы жайлы айтты. Оның айтуынша, террорлық ұйымдар әлі жаңа орындарда ашылуы мүмкін екенін айтты.

"Әлемдік және өңірлік державалар Таяу Шығыстағы ИГИЛ лаңкестік ұйымына қарсы күрес жүргізіп жатқанына қарамастан, олар басқа да жерлерден ұйымдар ашуы мүмкін, ал бұл дегеніміз Еуразия үшін өте қауіпті", - деп қорытындылады Назарбаев.

pavlodarnews.kz