Ел нарығындағы дизель отынының тапшылығы мен Павлодар мұнай-химия зауытында жуырда жұмыстан босатуға байланысты жайтты «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның өңдеу, маркетинг және тасымалдау бойынша атқарушы вице-президентінің м. а. Данияр Тиесов түсіндірді.

Спикердің айтуынша, 20-қазанда «ПМХЗ» ЖШС сутек өндірісі құрылысында МХЗ-н жаңғырту бойынша жоспарға енгізілмеген дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жолы да құрылғыда жөндеу жұмыстары жыл сайын күрделі жөндеу жұмыстары аясында  іске асырылған. 

- Сол кезде қателік жіберілген, - дейді Данияр Тиесов. – Дәнекерлеу арнайы болаттан жасалған бірегей бөлшектерде жасалды. Мұнда дәнекерлеушілердің жоғары біліктілігі мен арнайы жабдық, дайындық қажет. Дегенмен жұмыс жергілікті компания дәнекерлеушісімен өткізілген. Бұл - аутсорсингтен шығарылған бұрынғы жөндеу-монтаж басқармасы. Жұмыс технологияның ақауында  орын алды. Бірегей бөлшекте сызаттар пайда болды. Өндіріс құрылғысындағы үдеріс жоғары температура мен қысымда болатынын ескеретін болсақ, бұған дейін бұзылған бітеулік керек.

Уақытша атқарушы вице-президенттің айтуынша, ПМХЗ кәсіпорнындағы жағдай туралы «ҚазМұнайГазда» 10 күн өткеннен кейін, яғни елде дизель отынының тапшылығы сезілгенде ғана білген.

- Әрі қарай не болды? Қорыққаннан тіс жармаған. Өз күштерімен жөндеуге тырысқан, жергілікті шеберханада қамыт дайындаған да оны үстінен кигізуге тырысқан, дегенмен жағдай ушығып кеткен. «ҚазМұнайГазға» 30-і күні ғана келген. Біз 10 күн жоғалтып алдық. Ал, төтенше жағдай орын алған құрылғы дизель отынының гидротазалауын іске қосу үшін зауытты қажет сутекпен қамтамасыз ету керек болған. Нәтижесінде тәулігіне 4 -4,5 мың тонна дизель шығарудың орнына бүгінгі күні 600 тонна шығарылады және таяуда бұл көлемді 1000 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз, - дейді Данияр Тиесов.

Бұдан кейін бас механик пен зауыттың техникалық директоры жұмыстан босатылған.

Вице-президенттің міндетін атқарушының сөзіне сүйенсек, кәсіпорынның бас директоры Шухрат Данбай өз еркімен қызметтен кеткен. Себебі, орын алған жағдайға өзін жауапты сезінген.

- Қазір зауыт күні-түні жұмыс істейді. Жұртшылық қатты уайымдап отыр. Себебі, көп жылдық еңбекті бір ғана жағдайға байланысты жоққа шығаруға болмайды, бұл жағдайдан қандай да бір жүйелілікті іздеп, компанияны нашар басқарып отыр деп айтудың қажеті жоқ. Бұл – адами қателік, оқыс жағдай, - дейді Данияр Тиесов.

Десе де, «ҚазМұнайГазда» Қазақстанда дизель отынының тапшылығы екі аптадан соң аяқталады деп сендіруде. Еліміз ПМХЗ-дан алмайтын және өнімнің жетіспейтін көлемін ресейлік зауыттардың есебінен қалыпқа келтірілмек.

5-қараша күні Ресейде дизельдің алғашқы партиясы сатып алынды және болжам бойынша ертең жанармай Астанада болады. Дизель құйылған цистерналар өңірлерге жету үшін кем дегенде бір апта кетеді. ҚМГ болжамы бойынша бұл айла-амал компанияға үш миллиард теңгеден астам шығын әкеледі. Бұған қоса, зақымданған бөлшектің орнына сутек өндірісі құрылғысы үшін құны 425 мың еуро тұратын жаңа бірегей бөлшек сатып алу керек. Бұрынғы құрылғыны жөндеу үшін зауыт Малайзиядан мамандар шақырған, дегенмен олар жағдайды түзете алмаған.

Осылайша, дизель отынын гидротазалау құрылғысын іске қосу мерзімі желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр. «ҚазМұнайГазда» дизельге қарағанда ПМХЗ жанармайдың жоспар бойынша өндіріп жатқанын айтады.

pavlodarnews.kz