Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, куәгерлер 1958 жылы туған ер азаматтың денесін сағат 12:40 шамасында тапқан.

- Ертіс ауданының Ынтымақ ауылына қарасты өзеннің өтетін бөлігінде ер адам балық аулаған. Түнгі 1:10 шамасында абайсыз суға батып кеткен, келесі күні оның денесі судан табылды, - дейді мамандар.

Еске салайық, күні кеше дәл осы ауылдың тағы бір азаматы балық аулауға барып, суға батып кеткен. 64 жастағы зейнеткердің денесін екі сағаттан соң куәгерлер судан алып шыққан.

Жалпы, Ертіс ауданында қараша айында екі балықшы қайтыс болған.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: