Бұл туралы Қазақстандағы Түрікменстан елшілігі хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ашхабадта Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитеті ғимаратында «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару (ОА СРТБ)» аймақтық бағдарламасы, Аралды құтқару қоры Атқарушы комитеті және Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы ұсынысы бойынша, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитеті мен Герман халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамы (GIZ) арасында өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумдарға қол қойылғаннан кейін, тараптар осы рәсімнің аймақтық әріптестікті ұлғайтуға және нығайтуға қосымша импульс болатынына, сондай-ақ Арал теңізі маңында тіршілік ететін халықтың игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

pavlodarnews.kz